Ұлыбританияда тек әйелдерге арналған мешіт ашылуы мүмкін
Ұлыбританияда тек әйелдерге арналған мешіт ашылуы мүмкін
10 жыл бұрын 3194

Таяу арада Ұлыбританияда ел аумағындағы алғашқы әйелдер мешіті ашылады деп күтілуде. Осылайша, британиялық мұсылман әйелдер мәдени және қоғамдық ережелерді екінші орынға ысырып тастамақ. Бұл жайында muslim.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Елдегі мұсылман әйелдер Ассоциациясының басшысы Бана Гораның айтуынша, мешіт сонау Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманынан бері адамдардың бірлесе өмір сүруі мен ілім алып, ізденетін жері болып келеді. Осы бір заңдылықтарды сақтай отырып, мұсылман әйелдері мешітінің жаңа үлгісін қалыптастырамыз дейді. Осы себепті де, әйелдер мешітіндегі жамағатпен оқылатын намаздарға имамдық ететін де нәзікжыныстылар болмақ.

Бредфорд шаһарында ашылады деп жоспарланып отырған әйелдер мешіті туралы ақпарат өзге мұсылмандардың қарсылығын туындатып, қоғамдық мәселеге айналуда.Істің аяғы немен тынары белгісіз.

Айта кетейік, тек әйелдерге мешіт бұдан бұрын АҚШ-да ашылған болатын.

0 пікір
Мұрағат