Ұлыбританияда жыл сайын жүздеген кішкентай қыздар күштеп ұзатылады
Ұлыбританияда жыл сайын жүздеген кішкентай қыздар күштеп ұзатылады
4 жыл бұрын 2668 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Globallookpress.com

Бұл жайында islam.kz порталы The Independent ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Орта ғасырға тән немесе жабайы тайпалар арасында кең өріс алған мұндай тәжірибе бүгінде мұсылман елдерінде қолданылады деп байбалам салатын батыстық бұқаралық ақпарат құралдары адам құқығы мен демократиялық құндылық салтанат құрған еуропалық елдерде де барын жасыра алмады. «Ауруын жасырған өледі» - қоғамды жайлап келе жатқан жат әдетпен күресу үшін дабыл қағып отыр. Аталған елдің ұлттық статистика басқармасы келтірген дерекке үңілсек, 2017 жылы 183 адам ата-анасының келісімімен некелескен екен, алайда, бір сорақысы – олардың 140-ы әлі кішкентай қыз балалар болып шыққан. 2006-2016 жылдар аралығында Англия мен Уэльсте шамамен 3,3 мың бала үйленген екен, олардың көбісі қыз балалар.  Әлеуметтік дертке айналып келе жатқандықтан осынау жат құбылыспен күресетін арнайы ұйым құрылды. Дәлірегі, британ заңнамасы тиісті деңгейде қорғап, мұндай құбылысқа лайықты тойтарыс бере алмағандықтан құрылған. Бұдан бөлек, құқық қорғаушылардың айтуынша, мұндай некелердің көбісі түрлі наным-сенім мен дінді жамылып жатады, өйткені, Британия аумағында діни жоралғы бойынша қиылған неке ресми тіркелмейді, яғни, мемлекет тарапынан есепке алынбайды, сол себепті, олардың нақты санын анықтау мүмкін емес. 2019 жылдың ақпан айында Австралияда 100-ден аса  балалардың  мәжбүрлі некесіне қатысты тергеу-тексеру жұмыстары жүргізілген екен. Австралияда қыз балаларды 6-7 жасында ұзатқан жағдайлардың да орын алғаны белгілі болған еді нәтижесінде. Бір өкініштісі, мұндай некелер осы елге мұсылман елдерінен келген мигранттар арасында кездескен.

0 пікір
Мұрағат