Ұлыбританияда алғаш рет үш ата-ананың ДНҚ-сынан бала пайда болды
Ұлыбританияда алғаш рет үш ата-ананың ДНҚ-сынан бала пайда болды
2 жыл бұрын 1344 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

ЭКҰ-ның (ЭКҰ (британдық ғалым Роберт Эдвардсонмен және Патрик Стептоймен әзірленген) әдісімен ұрықтанған бірінші бала жарыққа 1978 жылы пайда болды. Бүгінгі күнде әлемде экстракорпоральды ұрықтандыру көмегімен миллиондаған балалар дүниеге келді. Экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) – (латын тілінен extra — сырттан тыс және лат. corpus — дене, яғни денеден тыс ұрықтану) — бедеулік кезінде тиімді және өте жиі пайдаланылатын қосалқы репродуктивті технология әдісі -persona-clinic.kz дерек көзінен) жаңа әдісі тұқым қуалайтын митохондриялық аурудан зардап шегетін мүшесі бар отбасына дені сау перзент сүюіне мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы theguardian.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұлыбританияда алғаш рет үш атан-анадан бес бала пайда болды. Үш адамның гені кездесетін алғашқы бала ЭКҰ-ның инновациялық процедурасы қолданылғаннан кейін дүниеге келді. Ол митохондриялық донорлыққа негізделген, дәлірегі, сау әйел донорының ұрық тіндері денсаулығындағы қандай да бір кінәратқа байланысты балаларына берілуі мүмкін түрлі мутациялардан ада ұрықты қалыптастыру үшін пайдаланылады. Ұрық биологиялық ата-аналардың сперматозоидтары мен ұрық жасушаларын донорлық ұрық жасушаларының митохондриялары деп аталатын кішкентай құрылымдармен біріктіретіндіктен, нәрестеде анасы мен әкесінің ДНҚ-сы, сондай-ақ, донордың шамамен 37 гені болады, дегенмен ДНҚ-ның 99,8% -дан астамы әке мен шешеден келеді. Қазіргі уақытта бұл процедура арқылы пайда болған балалар саны бесеумен шектелген. Ұлыбритания бұл тарапта мұндай процедураға нормативті-құқықтық тұрғыдан рұқсат берген әлемдегі алғашқы ел.

0 пікір
Мұрағат