Ұлыбритания мигранттарға ережесін қатаңдатты
Ұлыбритания мигранттарға ережесін қатаңдатты
17 күн бұрын 456 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Chris J Ratcliffe / Reuters

Ұлыбритания билігі пана сұрайтындарға арналған ереже талаптарын едәуір қатаңдатты. Бұл жайында islam.kz порталы The New York Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Британ билігі көші-қон саласындағы саясатын өзгерту арқылы жылдан жылға қарасы артып келе жатқан мигранттардың арынын тежеуді көздеп отыр. Жаңа ережеге сәйкес пана алғандар Ұлыбритания аумағында тұрақты тұруға өтініш беру мүмкіндігін 5 жыл емес, 20 жыл күтетін болады. Сонымен қатар, Ұлыбритания үкіметі босқындардың мәртебесін үнемі қайта қарауды жоспарлап отыр: егер олардың елдеріндегі қауіп-қатердің сейілгені (мәселен, соғыс тоқтаса, табиғаи апаттар мен өзге де төтенше жағдайдың беті қайтса, т.б.) анықталса, отанына депортацияланады. Пана сұраушылар, сондай-ақ, бұрынғыдай баспанамен қамтамасыз етілмейді және апта сайынғы жәрдемақы берілмейді. Бұдан бөлек,

Ал Financial Times ақпарат көзінің хабарлауынша, Ұлыбритания билігі заңсыз мигранттардың тұру ақысы ретінде олардың зергерлік бұйымдары мен басқа да мүлкін тәркілеуді бастауы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат