Ұлыбритания Ислам революциясы сақшылар корпусын террористер қатарына жатқызуды жоспарлап отыр
Ұлыбритания Ислам революциясы сақшылар корпусын террористер қатарына жатқызуды жоспарлап отыр
2 жыл бұрын 2055 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбритания билігі көп ұзамай Иран ислам республикасының элиткалық саяси-әскери құрылымы болып табылатын «Ислам революциясының сақшылар корпусын» террористік ұйымдар қатарына жатқызуды көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы «Коммерсант» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Атап айтқанда, аталмыш шешімді Ұлыбритания Ішкі істер министрлігінің басшысы Суелл Брауерман мен оның орынбасары, қауіпсіздік министрі Том Тугендхат қолдап отыр. Егер IRGC (ирандық қауіпсіздік күштерінің элиталық құрылымы) террористік ұйымдар тізіміне енсе, онда аталған корпусқа мүше болу, оның рәміздерін насихаттау және оның қызметін қолдау Ұлыбританияда қылмыстық жауапркершілікке бастайтын заңсыздыққа айналады. Америка Құрама Штаттары 2019 жылы IRGC-ті террористік ұйым деп танып, оған қарсы санкциялар салған. АҚШ билігі санкцияны жоюды көздеп отырған жоқ. 2022 жылы Иран билігі ядролық келісім бойынша санкцияларды алып тастауды талап етті, алайда, кейін бұл талаптан бас тартқан болатын. Бастапқыда Ислам революциясы сақшылар корпусы жаулап алған жерлерін қорғау үшін құрылды, қазіргі уақытта ол әскер, полиция және мемлекеттік қауіпсіздік күштерінің функцияларын орындайтын Иран қарулы күштерінің бір бөлігі болып табылады. IRGC палестиналық Хезболла ұйымын құруда маңызды рөл атқарды және Израилде, әлемнің көптеген елінде террористік ұйым ретінде жіктеледі.

0 пікір
Мұрағат