Ұлыбритания Еуропада алғашқы болып жасанды етті тұтынуға рұқсат берді
|
Ұлыбритания тірі жасушалардан өсірілген жасанды етті тұтыну нарығына шығарған алғашқы еуропалық мемлекет болды. Әзірге оны тек мал азығында қолдануға болады. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Израил, Сингапур және Америка құрама штаттары мұндай қадамға баруға шешім қабылдағанымен, британиялықтар қолдан өсірілген етті адамға тұтынуды мақұлдаған жоқ. Meatly стартапы үй жануарларына арналған азық өндірушілерді зертханада өсірілген тауық етімен көп ұзамай жабдықтай бастайды. Винчестер университеті жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес респонденттердің, яғни, бұл бағыттағы сауалнамаға қатысқандардың 50%-ы зертханалық етті үй жануарларын қоректендіруге келісетінін білдірген, ал 32%-ы өздері азық ретінде тұтынуға қарсы емесін жеткізген. Италия, Франция және Австрия билігі, сондай-ақ, АҚШ-тың бірқатар штаттарындағы республикашыл заң шығарушылар жасанды етке қарсы. Флорида мен Алабама мұндай өнімдерді өндіруге және сатуға тікелей тыйым салды.