Ұлыбритания әскери техниканың қосалқы бөлшектерін 3D принтерде басып шығаруды меңгерді
|
Британ армиясы НАТО жаттығулары кезінде әскери техниканың қосалқы бөлшектерін 3D басып шығаруды бірінші болып меңгерді. Бұл туралы Ұлыбритания үкіметінің ресми сайтындағы мәлімдемеде айтылған. Бұл жайында islam.kz порталы мәлім етеді. Хабарламада британдық инженерлер мен механиктер бұл технологияны әскери көліктер мен әскери техниканың бөлшектерін жасау үшін пайдаланады. Аталмыш технология ұрыс қызып жатқан майдан даласында істен шыққан әскери техникалар мен қару-жарақ бөлшектерін сол сәтте басып шығаруға мүмкіндік беріп, жаудың күш алуына мүмкінік бермеуге көмектеседі. Министрлер кабинетінің баспасөз қызметі ұрыс даласында полимерді де, металл бөлшектерді де басып шығару үшін мобилді принтерлерді орналастыруға болатынын атап өтті. Осылайша британ әскери инновациялық мүмкіндіктерге иек артпақ. Осы жылдың сәуір айында Ұлыбританияның премьер-министрі Риши Сунак қорғаныс саласына кететін шығынды елдің жалпы ішкі өнімінің 2,5 пайызына дейін арттыратындарын, осылайша Америка құрама штаттарынан кейінгі қуатты әскер құратындарын жария еткен еді.