Ұлттық жанжалдардың алдын алу орталығы құрылуы мүмкін
|
Ресей Федерациясының мәдениет министрі Владимир Мединский болуы ықтимал ұлттық жанжалдарды алдын ала ескертетін тәуелсіз орталық құруды ұсынды. Оның айтуынша, мұндай жүйе бұрын да болған көрінеді. Ахуалды қадағалап, реттеу мәселесі аймақтар мен өкілетті органдарға жүктелетіні екібастан белгілі екенін тілге тиек еткен ол ел аумағында жанжалдарды болдырмау үшін федералды мониторинг жүйесін құру қажеттлігін алға тартты. Орын алуы ықтимал жанжалдарды болдырмаудың жолы қандай? Бұл сауалға министр түрлі ақпарат көздерін пайдалану, ақпараттарды талдау жолымен жанжалдардың алдын алуға болатынын айтып, жауап берді. Сонымен қатар, ол егер осындай орталық құрылатын болса, оның ішінен аймақтардағы ұлттық саясатты жүргізіп отырған құзыретті орындардың қызметін үйлестіретін кеңес құрудың да маңыздылығына тоқталды.