Ұлтты қорғау митингісі "ұлт араздығын қоздырушы" митинг деп бағаланып жатыр (видео)
Ұлтты қорғау митингісі "ұлт араздығын қоздырушы" митинг деп бағаланып жатыр (видео)
7 жыл бұрын 3640 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлеуметтік желіде Ингушетияның Назран қаласында кеше орын алған митинг туралы қызу пікірталас, жақ-жақ айтыс пен талас-тартыс өршіп тұр. Арнайы жасақтың рұқсат етілмеген митингке қатысушыларды шығушыларды қуып жүріп таратқаны наразылық тудыруда. Осы акцияның алдында ғана Ингушетияның қауіпсіздік кеңесі республика тұрғындарын Аби-Гу тарихи қорғанына жиналмауға шақырған болатын. Алайда, бесін намазынан кейін шеруге шыққандардың мигранттарға қарсы бұл әрекеті "ұлт араздығын қоздырушы" деп бағаланатынын алдын ала ескерткен де болатын. Аталмыш акцияны ұйымдастырушылар Орта Азиядан келген мигранттарға қарсы "Олар біздің жұмыс орнымызды тартып алды", "Біздің қыздарымызға үйленіп жатыр",- деп ұран көтерген еді. «Вконтакте» әлеуметтік желісінде The Magas times қауымдастығы ұлтты қорғау акциясын басталмай жатып, таратқаны үшін айыптап жатыр. 

 

0 пікір
Мұрағат