Украинаның камикадзе дроны құрастырылды (видео)
Украинаның камикадзе дроны құрастырылды (видео)
2 жыл бұрын 4266 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Украиналық камикадзе дроны 300 шақырымға дейінгі қашықтықты жүріп өтіп, 15 келі жарылғыш затты жеткізуге қабілетті. Ол ирандық Shahed ұшқышсыз ұшу аппараттарына ұқсайды, бірақ әлдеқайда арзан әрі өндіруге оңай. Бұл жайында islam.kz порталы focus.ua ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кривой Рог инженерлері отандық камикадзе «Кобра» дронын сынақтан өткізе бастады. Соғыс жүріп жатқан Украинада отандық камикадзе дронының бұрнырақ тағы бір нұсқасы сынақтан сәтті өткен еді. Украиналық «Қара қарға» ұйымының мамандары eBOSH деп аталатын «камикадзе» типті ұшқышсыз ұшатын аппарат жасап шығарды. Оператор eBOSH-ті бірінші жақтан басқарады және оны әртүрлі бұрыштарға айналдыра алады. Мұндай ұшқышсыз ұшақты атып түсіру өте қиын, әсіресе, ол сағатына 150 шақырым жылдамдықпен қозғалған кезде. Дегенмен, Украинаның қорғаныс өнеркәсібінің өкілдері отандық дронның кей бөлшектері шетелдік өнімдер екенін жасырмады. Украина әскери немесе соққы беруші дронды құрастыруға 2022 жылы кіріскен еді. eBOSH екі шақырымға дейін ұша алады, алдағы уақытта оның ұшу қашықтығын 4 шақырымға дейін арттыруда көздеп отыр. Дроннан гранаталарды лақтыру жүйесі әдетте қолайлы ауа-райын қажет етеді және нысанаға тек жоғарыдан шабуыл жасауға мүмкіндік береді, ал FPV камикадзелері бұл жағынан әлдеқайда озық. eBOSH тағы бір ерекшелігі немесе артықшылығы - ұшқыштың бұйрығымен кез келген бұрышта бірден қорғаныс жасауға мүмкіндік беретін «акро-режиміне» ие. Ол нысанадан жоғары ұша алады, содан кейін ең жақсы бағытты таңдай отырып, оған үнсіз сүңги алады.

 

0 пікір
Мұрағат