|
Украинада барлық балалар үйі жабылады
|
Келесі жылдан бастап Украинада балалар үйіне бала қабылдауды тоқтатады, - деп хабарлайды "Известия". Бұл туралы денсаулық сақтау министрі міндетін уақытша орындаушы Ульяна Супрун мәлімдеді.
Оның айтуынша, елде әлеуметтік қамтамасыз етілмеген отбасыларының балалары өз ата-аналарымен толыққанды өсе алуы үшін барлық жағдай жасалады. Басқа жағдайларда кәмелетке толмаған балаларды асыраушы отбасыларға бөледі.
"Тіпті ең жақсы интернат отбасыны алмастыра алмайды. Іс жүзінде Украинада осындай мекемелерде тұратын балалардың тек 8 пайызы жетім балалар статусына ие. Қалғандарында анасы немесе әкесі бар, немесе қиын жағдайға тап болған және баланы тәрбиелей алмайтын ата-аналар да бар", - деп жазды Супрун Facebook желісінде.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Өз-өзін тыңайтатын өсімдік өсірудің жолы табылды
■
Алпауыт елдің биылғы доктринасы: тек күштілеріне көмектесу
■
Қытай алғаш рет жаңғыртпалы энергия көздерінің есебінен электр энергиясына деген жаңа қажеттіліктің орнын толтырды
■
Жыл соңына дейін исламдық ипотека ашылмақ
■
ITS исламдық ITS Shariah индексінің қайта теңгеруін жүргізді