Үйсіз-күйсіз қаңғыбасты "үй қамағына" үкім шығарды
Үйсіз-күйсіз қаңғыбасты "үй қамағына" үкім шығарды
7 жыл бұрын 3203 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемде талай-талай қызық бар, естімеген - елде көп деген осындайда айтылса керек-ті: Ыстамбұл шаһарының соты есірткі қолданып, таратқаны үшін үйсіз-күйсіз қаңғыбасты "үй қамағына алу" туралы үкім шығарды. Соттың осы үкіміне сәйкес үйсіз-күйсіз қаңғыбас ендігі жерде соттың бұл шешімі өзгермейінше, белгілі бір шектеулі аумақтан шыға алмайды: автобус аялдамасына дейінгі аумақта күн өткізетін болды. Оның аумағын сот орындаушылары арнайы тақтайшамен белгілеп те берді. Hürriyet басылымы хабарлағандай, Барыш Алкан есімді 31 жастағы ыстамбұлдық қаңғыбас өзіндей үйсіз-күйсіздерге есірткі таратқан. Сот оның тәркілейтін немесе айыппұл салатындай дүние-мүлкі, қалтасындағы қаражаты, басында баспанасы, яғни жылжымайтын мүлігі болмағандықтан осындай шешім шығарған екен. Күдіктіні абақтыға жауып, түрмеге отырғызудың да қажеті жоқ деп шешкен. Ол неге сот орындаушылары сызып берген аумақта ғана тұрады немесе бұл аумақтан шығуына болмайды? Өйткені, осы аумақта қылмыс үстінде қолға түскен. 

0 пікір
Мұрағат