|
Ұйқыға арналған бағдарламалық жасақтамаға сұраныс артып келеді
|
Азия-Тынық мұхиты аймағында ұйқыға арналған бағдарламалық жасақтамаға сұраныс күрт артып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы Healthcare Asia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Research and Markets (нарықтағы ахуал туралы толыққанды ақпарат жинауға негізделген маркетингтік зерттеу: бағалар, бәсекелестер, тұтынушылар, т.б. факторларды ескереді. Осы зерттеу мәліметіне қарай нарықтағы қауіп-қатерді айналып өту, экономикалық стратегияны қалыптастыру саясаты әзірленеді) болжамы бойынша 2030 жылға таман ұйқыға қатысты бағдарламалық жасақтама нарығында 1,56 млрд доллар айналады. Мұндай бағдарламалық жасақтамаға сұраныс ең алдымен саламатты өмір салтын ұстану, денсаулықты күту, еңбекке жарамады болу секілді факторлар ықпал етіп отыр. Көбейіп келе жатқан орта тап, урбанизация, технологиялық прогресс, қарбалас өмірден болатын стресс, әлеуметтік теңсіздік секілді түрлі факторлар ұйқыны басқару технологиясына сұранысты арттырып отыр.