Үйленбей тұрып зина жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болды
Үйленбей тұрып зина жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болды
5 жыл бұрын 2467 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Индонезияда көп ұзамай жаңа қылмыстық кодекс қабылданады. Аталмыш кодекстің жобасында некелеспей тұрып зина жасағандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. CNN телеарнасының таратқан хабарына қарағанда, аталмыш ел аумағында некелеспей зина жасау қылмыс ретінде танылмақ. Некелеспей бірге тұрғандары анықталса, олар алты айға дейін абақтыға жабылады немесе аса ірі мөлшерде айыппұл төлейді. Бұдан бөлек, Индонезияда бойжеткендерге жасы 19-ға толмай тұрып, тұрмыс құруына тыйым салатын заң қолданысқа енді. Осы кезге дейін индонезиялық бойжеткендерге 16 жасынан күйеуге шығуына рұқсат етіліп келген болатын. Ал ерлер 19 жасында ғана шаңырақ көтере алатын еді. 1974 жылдан бері қолданыста болған заңға осындай түзетулер енгізіліп, ел парламенті тарапынан бірауыздан мақұлданған еді. ЮНИСЕФ келтірген 2017 жылғы мәліметке үңілсеңіз, сол жылы индонезиялық бойжеткендердің 14%-ы 18 жасына дейін күйеуне шығып үлгерген. Байқасаңыздар, соңғы жылдары кей елдерде некелесу жасына қатысты заңнамалық түзетулер енгізіліп жатыр. Түзетулердің дені неке жасын көтерумен байланысты екенін айта кету керек. Бұған әлемдегі экономикалық дағдарыс пен өзге уақыт талабы алға тартқан факторлар себеп болуда.

0 пікір
Мұрағат