Үйеңкілер елінде ислам қанат жайып келеді
Үйеңкілер елінде ислам қанат жайып келеді
3 жыл бұрын 1368 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда бұл бағытта StatsCan ұйымы, дәлірегі, Канаданың статистикалық федералды қызметі тарапынан арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсетіп бергендей, елдегі мұсылмандар қарасы 1996 жылдан бері үш есеге көбейген. Яғни, аталған мерзім аралығында мұсылмандар саны 1,1% дан 3,7%-ға өскен. Осылайша Канада ислам қарқынды түрде қанат жайып келе жатқан елге айналып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Western Standard Online дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. StatsCan сарапшыларының айтуынша, Канаданың діни ландшафты айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Мұндай зерттеу әлеуметтік тұрғыдан алғанда осы заманғы қоғамның қандай өзгерістерді бастан өткеріп жатқанын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді әрі сол өзгерістерге сай әлеуметтік саясат жүргізуге ықпал етпек. Бұдан бөлек, діннің адам өмірінде алар орны маңызды болғандықтан ол неке, ажырасу, туу көрсеткіші секілді демографиялық факторға елеулі әсерін тигізеді. 1985 жылы Атлант мұхитының арғы жағалауындағы аталған елде мұсылмандар қарасы өте аз болатын, сол себепті, федералды деңгейдегі қандай да  бір санаққа немесе сауалнамаға қатысты немесе өзге статистикалық мәліметтер жазылатын бланктерде христиан, иудей секілді дербес бағанға емес, «өзгелері» деп аталатын санатта ғана болатын. Бүгінде Канада аумағында шамамен 1 053 945 мұсылман сау-саламат өмір сүріп жатыр. Олардың дені сүннеттік бағытта. Канаданың статистикалық қызметінің болжамы бойынша елдегі мұсылмандар қарасы 2036 жылы 2,8 млн-ға, ал протестанттар 5,4 млн-ға, католиктер саны 12,9 млн-ға, индустар 1,2 млн-ға, сикхтер 1ғ1 млн-ға жетпек. Жалғыз Канада ғана емес, сонымен қатар, батыстың ірі елдерінде, атап айтқанда, Британияда, Францияда, Германияда, т.б. елдерде соңғы жылдары мұсылмандар қарасы күрт өсіп келеді. Мәселен, бір ғана Бриатнияда мұсылмандар саны 2019 жылғы мәлімет бойынша 3 млн-нан асып кеткен. Ал Францияда 2025 жылы мұсылмандар қарасы 8,5 млн адамға жетуі мүмкін. Америкалық Pew Research Center орталығының болжамы бойынша. 2016 жылы Франциядағы мұсылмандар қарасы 5,7 млн-нан асып кеткен еді, яғни, ел тұрғындарының 8,8%-ын құраған болатын. Франция – кәрі құрлықтағы мұсылмандар саны бойынша көш бастап тұрған ел. Ал Еуропадығ тағы бір ірі ел – Германиядағы мұсылмандар қарасы соңғы 5 жылда 1 адамға көбейген: тынышы қашқан Таяу Шығыстан ағылған босқындар есебінен. Германиядағы мұсылмандардың 27 пайызы Таяу шығыстан келгендер құрап отыр. Бұл елдегі мұсылмандар саны бүгінде ел тұрғындарының 6,5 пайызына жеткен.  

0 пікір
Мұрағат