Үй тапсырмасын «үйіп-төгіп» орындататын ата-аналар жазаланады
Үй тапсырмасын «үйіп-төгіп» орындататын ата-аналар жазаланады
29 күн бұрын 853 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Parents pushing children to study excessively could face $400 fine

Вьетнам үкіметінің желтоқсан айының 15-нен бастап күшіне енетін қаулысына сәйкес балаларының немесе отбасы мүшелерінің көп уақытын үй тапсырмасын орындауға мәжбүрлейтін атан-аналарға жауапкершілік енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы eVnExpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай әрекетке барған немесе балаларына шектен тыс талап қоятын әрекетімен көзге түскен ата-аналарға 5 млн донгадан (вьетнамдықтардың төл ақшасы – ред.) 10 млн донгке дейін (200-400 доллар) айыппұл салынады. Бұдан бөлек, жарлыққа орай кінәлі тұлға жәбірленушіден тікелей немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ресми кешірім сұрауы тиіс. Сондай-ақ, отбасы мүшесіне туыстарымен кездесуге кедергі келтірген, жыныс белгісі бойынша кемсіткен, түр-тұлғасын, қабілет-қарымын әжуалап, ар-намысына тисе, 5-10 млн донг мқлшерінде айыппұл арқалайды. Бұған қоса, адамдарға немесе жануарларға зорлық-зомбылық көрсеткенде бұған куә болуы үшін отбасы мүшесін мәжбүрлесе (психологиялық қысым көрсетсе) айыпты тұлғаға 10-12 млн донга айыппұл салынады. Ал отбасындағы немесе қамқорлығындағы балаға білім беруге талпынбаған немесе жағдай жасамаған, отбасындағы аяғы ауыр әйелге, ерекше қажеттілігі бар, яғни, мүмкіндігі шектеулі жанға, үйіндегі қарт кісілерге қарамаған (жәрдемдеспеген) тұлғалар да жазасыз қалмайды – 10-12 млн донга айыппұл салынады. Отбасының мүшелерін шамадан тыс жұмысқа жегетін, сондай-ақ, өзіне материалдық немесе психологиялық тұрғыдан тәуелді ету үшін өз активтерін немесе кірістерін бақылайтын кез келген адамға 20-30 миллион донга (800-1000 доллар) айыппұл салынады. Жарлықта отбасында зорлық-зомбылықты алдын алу мақсатында заң талаптарын бұзған жеке тұлғалар үшін 30 миллион донга және ұйымдар үшін 60 миллион донга (2000 доллар) мөлшерінде айыппұл салу көзделген. Оңтүстік-шығыс Азиядағы осынау елдің жоғарғы халық соты келтірген дерекке қарағанда, 2023 жылдың шілде айынан 2025 жылдың сәуіріне дейін сотқа зорлық-зомбылық пен тұрмыстық жандалға байланысты 405 мыңнан аса іс қарауға жіберілген. Бұл істер бойынша 342 мыңға тарта ерлі-зайыптылардың ажырасу оқиғаларымен аяқталған

 

0 пікір
Мұрағат