Үй жануарларына ен-таңба салу бойынша түзету енгізілді
Үй жануарларына ен-таңба салу бойынша түзету енгізілді
3 жыл бұрын 2189 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясыың мемлекеттік думасының экология, табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитет жетекшісінің ірінші орынбасары Владимир Бурматов аграрлық мәселелерге жауапты бейінді комитетке үй жануарларын есепке алу және маркілеу (ен-таңбалау) бойынша түзету енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған түзету ауал шаруашылық жануарларын міндетті маркілеу туралы үкімет әзірленен заң жобасының екінші оқылымына енгізіледі. Осы жылдың қаңтар айында депутат ит, мысық және өзге де үй жануарларын заң жобасына енгізілетінін хабарлаған боолатын. Әуел баста норма үй жануарларын да есепке алу және маркілеу үшін әзірленген болатын, алайда, құжаттан алынып тасталан еді. Аталмыш заң жобасына сәйкес жануарлар жұқпалы аурулардың алдын алу үшін ғана емес, сонымен қатар, жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, соның ішінде жоғалған жануарларды қожайыны табылғанша оларға жасы қарау үшін де жекелей немесе тобымен есепке алуды әрі маркілеуді қарастырған болатын. Сонымен қатар, түзетуе ауыл шаруашылығына жатпайтын, яғни, азаматтардың меншігіндегі жануарларды есепке алу ерікті түрде жүргізілетіні нақтыланады. Депутат бұл шараның бастапқыда қажет болмайтынын, өйткені, қазіргі уақытта елде 60 миллион үй жануарларын бірден тіркеуге инфрақұрылымның жеткіліксіздігімен түсіндірген болатын. Өз еркімен маркерлеуге берілетін үй жануарларының қарасы шамамен 10-15 млн болып қалады, алайда, Ресейдің ауыл шаруашылығын қадағалау мекемесі қажетті инфрақұрылымды дайындап жатқандықтан заң жобасына қайта оралып, тіркеу процедурасы жалпыға ортақ іске айналдырылады. Бұл тарапта үй жануарларын тіркеудің мемлекеттік ақпараттық жүйесі құрылуы мүмкін. Процедура тегін, ал қожайыны жануарын ең-таңбалаудың тәсілін өзі таңдайды – чип, жапсырма, тату, бирка.

0 пікір
Мұрағат