Уаххабистер идеологының мәлімдемесі көкейде сұрақ тудырды (фото)
Уаххабистер идеологының мәлімдемесі көкейде сұрақ тудырды (фото)
7 жыл бұрын 6908 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясы мен өзге де бірқатар араб елдерінде кеңінен тараған шымқай қара киіну әдеті арабтарға жат, сырттан енген. Бұл жайында саудиялық беделді дінтанушы, қасиетті Мекке қаласында «Жамандықтан тыйып, жақсылыққа шақыру» ұйымын ұзақ уақыт басқарған Ахмет әл-Гамиди «әл-Арабия» ақпарат көзіне берген сұхбатында мәлімдеді. Негізгі тақырыпқа көшпес бұрын жақша ішінде аталған ұйым туралы аз-кем айта кеткенді жөн көріп отырмыз: бұл құрылым саудиялық қоғамда моралдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етіп келген әрі идеологиялық жұмыстарға жауапты ұйым. Оның бұл тарапта мәлімдеме жасауына кезінде атқарған осы қызметі де «септігін» тигізген болуы мүмкін. Оның айтуынша, шымқай қара киіну арабтардың киіну мәдениетіне жат, дәлірегі, османлы билігі тұсында түріктер енгізген деп отыр. Ал бұл өз кезегінде түріктерге аза тұтқанда шымқай қара киінетін еуропалықтардан жұққан әдет болуы мүмкін. Десе де уаххабистер идеологы саналатын тұлға мұндай мәлімдемені жасаса, бұрын қайда қалып еді. Аяқ астынан түсінен шошып оянғандай мұндай мәлімдеме жасауының астарында тақ мұрагерінің соңғы уақыттағы қадамдарына байланысты емес пе? Күн қалай ауса, солай еңкейетін күнбағыстай болу оның ұстанымының шикі екенін көрсетіп берген жоқ па.

0 пікір
Мұрағат