У-шу чемпионатына Түркия байкот жариялады
|
Еуропалық У-шу федерациясы спорттың осынау түрінен өтетін жарыстарға шариғат шәлісімен қатысуға тыйым салды. Осыған байланысты Түркия өз командасын халықаралық турнирге қатыстырмайтын болды. Бұл жайында түріктердің «Anadolu Agency» ақпарат көзі хабар таратты. «Өткен жылы чемпионатқа Түркиядан әйелдерді алып бармадық, биыл да жарысқа қатыспауға ұйғардық», - деді түріктердің Халықаралық у-шу федерациясының президенті Әбдірахман Ақкөз аталмыш ақпарат көзінің тілшісіне берген сұхбатында. Оның айтуынша, түріктер мұндай қадамға Еуропалық у-шу федерациясының шариғат шәлісіне салған тыйымына наразылық таныту мақсатында барып отыр. 2013 жылы Әбдірахман Ақкөздің қызы Зейнеп қытайдың осынау спорт өнері бойынша халықаралық жарысқа қатысқан болатын. Ол кезде мұндай тыйым салынбағандықтан ол шариғат шәлісін жамылып, өнер көрсеткен еді. Соның өзінде төрешілер оның шариғат шәлісін жамылған сыртқы келбетін сылтауратып, өнерін жете бағаламаған еді.