Tырысқақтан 2 мыңға жуық адам мерт болды
|
Йеменде тырысқақтан қайтыс болған азаматтар саны 1992-ге жетті, деп хабарлайды Анадолу.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, эпидемия басталғалы, яғни 27 сәуірден бері елде тырысқаққа шалдығудың 419 804-ке жуық жағдайы тіркелді. Індет елде 1992 адамның өмірін жалмады.
Адамдардың науқастан қайтыс болу жағдайлары әсіресе Хадджа провинциясы мен Ходейда, Ибб және Таиз қалаларында көп тіркелді. Кешеден бері тағы үш адам аурудан көз жұмды. Осыған дейін тырысқақтан 405 706 мың адам емделіп, аман қалған. Екі жыл бойына елде жүрген қарулы қақтығыстардың салдарынан мемлекеттің инфрақұрылымы бұзылып, тырысқақ ауруының тарауына барлық алғышарттар қалыптасты.
Үш миллионға жуық адам үй-жайын тастап кетуге мәжбүр. Елде таза суға деген зәрулік пен қоқыстардың көп жиналуы адамдардың өміріне қауіп төндіріп отыр. Олар кез келген уақытта ауру жұқтыруы мүмкін.