Тырысқақ бой бермей барады
|
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Йемендегі тырысқақ індеті сәуір айының 27-нен бері 315 адамның түбіне жеткен. Вирус қарулы қақтығыстан көз ашпаған осынау араб елінде шапшаң жайылып барады. Нақтырақ айтқанда, аталған елдің 22 провинциясының 19-да індет жұқтырғандар анықталған. Бара-бара бақылаудан шығып, көрші елдерге таралу қаупі бар. Қазіргі уақытта бұл елде 30 мыңға жуық, дәлірегі, 29 300 ауру адам тырысқақ індетіне шалдығуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды. Осыған байланысты ел астанасы - Сана қаласында төтенше жағдай жарияланды. Бұл жайында Al Jazeera ақпарат көзі хабар таратты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, қазіргі уақытта Йемендегі ауруханалар мен емханалардың жартысынан астамы соғыстың салдарынан жұмысын тоқтатқан. Йеменде 7,6 млн адам вирус жұқтыруы мүмкін. Көп ұзамай 4 млн-дай адам осы індеттен зардап шегуі мүмкін. Ескерте кетейік, тырысқан ас-су арқылы жұғады. Оны жұқтырған адам дер кезінде ем қабылдамаса, санаулы сағаттың ішінде өліп кетеді. Ішек аурулары бірден басталады, алдын-ала белгісі де жоқ анықтап, соған қарай шара қолданатын.