Тыңшылыққа қатысты жаза күшейтіледі
Тыңшылыққа қатысты жаза күшейтіледі
3 жыл бұрын 1172 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбритания билігі тыңшылық туралы заңды бұзған немесе тыңшылықпен айыпталған тұлғаларға қолданылатын жазаны күшейтеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің ішкі істер министрлігінің жетекшісі Прити Пателге жөн сілтеген Daily Telegraph мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң жобасында қарастырылған талаптарға сәйкес қастық әрекетке (мәселен, ел ішінде арандатушылық әрекеттерге барып, мемлекет іргесін шайқайтын бүлік) дайындалған шетел тыңшысы өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Ал елдің ішкі ісіне қол сұққандар, дәлірегі, саяси науқандарда, соның ішінде сайлауға араласқандар мен мемлекеттік құпияны қолды қылғандар 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұдан бөлек, диверсиялық әрекеттерге жол берген, соның ішінде стратегиялық маңызы зор инфрақұрылымдарға кибершабуыл жасаған және дрондар арқылы барлау жүргізгенөзге мемлекет азаматтарын қуғындау шараларын кеңейтеді. Бұған қоса, Британияда америкалық үлгіде шетел агенттерінің реестрі жасалады – шетел үкіметіне жұмыс істейтін тұлғаларды тіркейтін. Мұндай тіркеуден өтпеген тұлғалар үстінен қылмыстық іс қозғалады. Егер бұл бастама Қауымдар палатасында мақұлданса, Ұлыбританияның ішкі істер министрлігі шетелдік агенттердің «қай жерде тұруына, жұмыс істеуіне, оқуына немесе саяхаттауына шектеу қою» арқылы олардың ел аумағына еркін жүріп-тұруын шектейтін ордер беруге құқылы болады. Мұндай ордер агенттікте қылмыстық қудалау үшін жеткілікті дәлел болмаса беріледі. Тиісті ордер сот төрағасының келісімімен беріледі.

0 пікір
Мұрағат