Тұтас мемлекетте ішімдікке басы бүтін тыйым салынды
Тұтас мемлекетте ішімдікке басы бүтін тыйым салынды
2 жыл бұрын 1491 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2016 жылы Ирак парламенті мақұлдаған заң тек өткен аптада ғана елдің ресми хабаршысында жарияланды әрі сол мезетте қолданысқа енгізілді. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған заңның 14-ші бабында Ирак аумағында алкоголды сусындарды, яғни, ішімдіктің барлық түрін өндіруге, саудаға шығаруға, өзге елден тасымалдауға (импорттауға) тыйым салады. Бұл талапты ескермегендерге немесе бұзғандарға 10-25 млн динарға дейін (6800-17100 доллар шамасында) айыппұл (нарықтағы ресми бағам бойынша) салынады. Неге бұл заң осыдан бірнеше жыл бұрын қабылданып, енді ғана қолданысқа енді? Бұған бірнеше фактор себеп болған еді, атап айтқанда, Ирак діни, ұлттық және сектанттық плюрализмге басымдық берген ел. Міне, осыған байланысты елдегі азшылықты құрайтын мұсылман еместердің құқығы ескерілді. Екіншіден, Ирак конституциясында жеке тұлғаның қалауына қайшы қандай да бір әрекеттерге жол бермейтініне кепілдік берілген. Міне, осындай шетін мәселелерге байланысты аталған заң кешіктіріліп қолданысқа енгізілді. Бұдан бөлек, бұл бастамаға наразылық танытушылардың бір легі Ирак билігінің бұл қадамын сынай келе жастардың есірткіні тұтынуға итермелеуі мүмкін екенін айтып, өз қауіптерін білдіріп жатыр. Үшіншіден, Иракта соңғы он жыл ішінде түрі қақтығысқа әрі экономикалық қиындықтарға байланысты діни азшылықты құрайтындардың, дәлірегі, христиандар қарасы көп азайып кеткен. Таяу Шығыс аймағында орын тепкен бұл елдегі 43,5 млн халықтың 95 пайыздан астамын мұсылмандар құрайды. Қалғаны – христиандар, езидтер, бақайлар, заратуштрашылар, т.б. Бұл фактор да Ирак билігінің ішімдікке тыйым салу шешіміне оң әсерін тигізген.

0 пікір
Мұрағат