Тұтас бір мемлекет қолма-қол ақшадан бас тартуға шешім қабылдады
Тұтас бір мемлекет қолма-қол ақшадан бас тартуға шешім қабылдады
4 жыл бұрын 6081 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Швеция билігі елдегі қолма-қол ақшадан бас тартып, оның орнына ұлттық валютаның цифрлы баламасын қолданысқа енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал Bloomberg ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, аталған скандинавиялық елдің қаржы министрі Пер Болунд бұл бағытта 2022 жылы аяқталуы жоспарланған арнайы, ауқымды зерттеу жұмыстары басталғанын жария етті. Бұл зерттеу нәтижесінде шведтердің ұлттық валютасы – кронның цифрлы нұсқасы қолданысқа енуі тиіс. Ел үкіметінен тәуелсіз қаржы саясатын жүргізетін жергілікті орталық банк Accenture халықаралық консалтингтік компаниямен бірігіп, тәжірибе жүргізуге кірісіп кетті. Биыл, яғни, 2020 жылы Швецияда қолма-қол ақшаны пайдалану тарихта бұрын-соңды болмаған төмен деңгейге түсіп кеткен еді. Ел ауқамында қолданылған қолма-қол ақшаның мөлшері биыл он пайызға да жетпеген.

0 пікір
Мұрағат