Тұтас бір ел аумағында екі жылдан бері алғаш рет кісі қолынан қаза тапқан адам болған жоқ
Тұтас бір ел аумағында екі жылдан бері алғаш рет кісі қолынан қаза тапқан адам болған жоқ
8 жыл бұрын 3534

Сальвадор ұлттық полициясының директоры Говард Котто қаңтардың 12-сі күні ел аумағында бірде-бір кісі қолынан қаза тапқан адамның болмағанын айтып, әлем қауымдастығынан сүйінші сұрағандай мәлемдеме жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Associated Press ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. "Кеше бізде бірде-бір кісі қолынан адам қаза тапқан жоқ. Тәулік ішінде өлген бір-ақ адам өлді, оның өзі осыдан екі жыл бұрын алған жарақатынан көз жұмды",- деді ол. Десе де қаңтардың 13-і күні, яғни, бүгін Сакатеколука қаласында қауіпті қылмыскерлердің тәртіп сақшыларымен қақтығысы кезінде екі адам ажал құшты. Осының алдындағы кісі өлімі болмаған күн 2015 жылдың қаңтар айының 22-не тұспа-тұс келеді. Сөз реті келгенде айта кету керек, Атлант мұхитының арғы жағалауындағы, Оңтүстік Америка құрлығында орын тепкен аталған ел әлемдегі қылмыс ахуалы күрделі күйінде қалып қойған қауіпті елдердің қатарында көш бастап тұр. 

0 пікір
Мұрағат