Түсік жасатумен күресетін әскери патрул жасақталды
Түсік жасатумен күресетін әскери патрул жасақталды
2 жыл бұрын 1424 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иранда заңсыз жолмен түсік жасатумен күресетін арнайы әскери жасақ құрылды. Бұл жасақ еріктілерден тұратын «Басиж» әскери құрылым. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Telegraph дерек көзіне жөн сілтеген Forbes Russia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазіргі уақытта шиғалар елінде жүкті болып қалған әйелдер құрсағындағы шарананың бойынан қандай да бір генетикалық ауытқу білінсе немесе аяғы ауыр әйелдің жүктілікпен байланысты денсаулығына қатер төнсе, заңды жолмен түсік жасата алады. Басқа жағдайда түсік жасату қылмыс болып танылады. Перзент сүйгісі келмеген аяғы ауыр әйелдер бұл талапты айналып өту үшін шетелге шығып, түсік жасатады немесе жасырын қызметке жүгінеді. Түсік жасатумен күресетін патрулды құру туралы шешім Иранның денсаулық сақтау министрлігінің қызметкері Сабыр Жапар Фаруж тарапынан қабылданған. Мұндай патрул медициналық мекемелерге келген ел тұрғындарын бақылай алады, олардың елден кетуіне жол бермейді немесе олардың қайда бара жатқаны туралы ақпаратты талап ете алады. Министрдің айтуынша, жүктілікті тоқтатқысы келген әйелдер «қатаң жазаланады», ал процедураны заңсыз орындаған медицина қызметкерлері лицензиясынан айырылады.

0 пікір
Мұрағат