Түсік жасатуға тыйым салуды заңсыздық деп таныды
Түсік жасатуға тыйым салуды заңсыздық деп таныды
6 жыл бұрын 2352 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сәуір айының 11-і күні Оңтүстік Кореяның конституциялық соты түсік жасатуға қатысты тыйымды елдің негізгі заңына қайшы келетінін әрі азаматтардың құқығын бұзатынын алға тартып, арнайы қаулы қабылдады. Бұл жайында кәрістердің Yonhap ақпарат көзі хабар таратты. Осылайша аталмыш елдің конституциялық соты жүктіліктің алғашқы сатысында түсік жасатуға 66 жылдың ішінде тұңғыш рет рұқсат берді. Осыған байланысты ел парламенті 2020 жылға дейін заңнамаға тиісті өзгерту ензізуі тиіс. Таңғы шық елінің конституциялық сотының шешімі бойынша түсік жасатуға тыйым салу әйелдердің таңдау еркіне қол сұғумен бірдей әрекет саналады. Жатырдағы ұрыққа қарағанда әйелдер құқығының кем болмау жағы қарастырылған. Сәл шегініс: 1953 жылы Оңтүстік Корея аумағында түсік жасатуға толық тыйым салынған болатын. Заңмен. 1973 жылдан бастап, жүктілік аяғы ауыр әйелдің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ, өз еркімен қосылмай зорлықпен бала көтерген жағдайда түсік жасатуға рұқсат берілген болатын. Түсік жасатқан аяғы ауыр әйелдер үстінен қылмыстық іс қозғалып, бір жыл бас бостандығынан айырылатын еді немесе 1750 доллар мөлшерінде айыппұл төлейтін. Тағы бір айта кететін жайт, ресейлік православ өкілдері шарана құқығын бала құқығымен теңестіруді талап еткені турасында кезінде хабарлаған едік: "Құрсақтағы шараналарды заңмен адам санатына қосу, құқығын қорғау бастамасы туралы" (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/qursaqtagy-sharanalardy-zanmen-adam-sanatyna-qosu-quqygyn-qorgau-bastamasy-turaly-11467/#gsc.tab=0).

0 пікір
Мұрағат