Түсік жасатуға қатысты ережеге өзгеріс енгізілді
Түсік жасатуға  қатысты ережеге өзгеріс енгізілді
2 жыл бұрын 1266 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Венгрия билігі жүктілікті үзу, яғни, түсік жасату туралы ережеге өзгеріс енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы жылдың қыркүйек айының 15-нен бастап, жаңа өзгеріске байланысты дәрігерлерге түсік жасатқысы келетін аяғы ауыр әйелдерге құрсағындағы шақалақтың аса маңызды ағзасын көрсетуге міндеттейді. Дәлірегі, жүктілікті үзгісі келетін әйел түсік жасатпас бұрын алдымен құрсағындағы шақалақтың жүрек қағысын көріп барып, қандай шешім қабылдағанын айтуы тиіс. Аталған ел билігінің мәлімдеуінше, венгрлердің үштен екісі адамның алғашқы өмір сүру сәтін оның алғаш рет жүрек соғысымен байланыстырады. Десе де биліктің бұл қадамын құқық қорғаушлар сынға алып отыр. Дәлірегі, венгр билігін түсік жасатуға түбегейлі тыйым сала алмай отыр деп айыптады.

0 пікір
Мұрағат