Түсік жасатуға итермелеген тұлғалар жауапкершілікке тартылады
Түсік жасатуға итермелеген тұлғалар жауапкершілікке тартылады
3 ай бұрын 995 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Башқұртстанда аяғы ауыр әйелдерді түсік жасатуға кеңес берген немесе мәжбүрлеген тұлғаларға бұдан былай 500 мың рублге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әдетте түрлі факторлардың ықпалымен (жүкті әйелдің денсаулығына және құрсағындағы шарананың денсаулығында кінәрат болуы себепті түсік жасатуды елемегенде) аяғы ауыр әйел түсік жасатып жатады. Десе де мұндай қадамға бармас бұрын қабырғасымен ақылдасады. Соған қарамастан мұндай қатерлі шешім қабылдауына көбінесе туыстарының немесе таныстарының кеңесі маңызды рөл ойнайды. Екіойлы болып жүрген аяғы ауыр әйелдың мұндай қауіпті қадамға бармасы үшін оның алдын алудың жолдарын қарастырып жатыр. Дәлірегі, Башқұртстан мемлекеттік жиналысының жетекшісі Константин Толкачевтың ұсынысымен осындай ереже қолданылатын федерацияның өзге де аймақтарының тәжірибесін назарға алуды қостап отыр. Түсік жасатуға қарсы шектеу Ресейдің 20 шақты өңірінде енгізіліп қойған екен. Бұл шара ең алдымен елдегі кері кеткен демографиялық ахуалды көтеру, отбасын қорғау мақсаттарында қолға алынбақ. РФ өлкелеріндегі түсік жасатуға итеермелеген тұлғаларға қолданылатын жаза да әр түрлі болып келеді: жекелеген тұлғалар 1 мыңнан 5 мың рублге дейін айыппұл салу, лауазымды тұлғалар үшін 30 мың рублге дейін, ал заңды тұлғаларға 500 мың рублге дейін айыппұл салу қарастырылған. Заңды тұлғалардың қандай қатысы бар дерсіз? Мәселен, аяғы ауырлап қалғаны үшін жүкті әйелді жұмыстан қуып жатады немесе оны түсік жасатуға итермелейді.

0 пікір
Мұрағат