|
Тұрмысы жүдеу адамдарға ұшақ пен пойыз билеті сатылмайды
|
Қытайда әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар қолдан жасалған үлкен қиындыққа кезікті. Тұрмысы жұпыны, иіні жүдеу, дәлірегі, әлеуметтік несие жүйесіндегі көрсеткіші төмен азаматтарға бұдан былай пойыз пен ұшақ билеті сатылмайды. Бұл жайында Reuters ақпарат ресурсы хабар таратты. Аталмыш ел билігі тұрғындардың, яғни, Қытай халық республикасының әр азаматының реитингісін жасайды. Осылайша әлеуметтік несие жүйесін қалыптастырмақ. Мемлекет тұрғындардың білім алу, табыс табу, мансап қуу мүмкіндігін сарапқа салмақ. Реитингісі нашар адамдарды үлкен қиындықтар күтіп тұр. Соның ішінде, оларға жұмыс табу, жұмысқа орналасу, т.б. қиындай түспек. Қытай билігінің бұл бастамасы қаншалықты өміршең, оны уақыт көрсетпек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Мәйітті көп қабатты тұрғын үйде жерлеуге тыйым салынды