Түрмеден жазасын өтеп шыққадарға мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі
Түрмеден жазасын өтеп шыққадарға мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі
3 жыл бұрын 1508 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әдетте қоғам түрмеден жазасы өтеп шыққандарға үрке әрі сенімсіздікпен қарайды, ондай адамдардың қоғаммен етене араласып кетуі қиын, міне, осындай себеппен екі қолға жұмыс таппай сенделеді немесе қайта қылмыс жасап, түрмеге түседі. Осыны ескерген өзбек билігі азат өмірге аяқ басқан бұрынғы сотталушыға нақты көмек көрсетудің тетігін қарастырған екен. Дәлірегі, мемлекет тарапынан 10 млн сомға дейін (928 доллар) материалдлық көмек көрсетеді – бизнес жоспарын жүзеге асыруы үшін. Бұл жайында islam.kz порталы centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Өзбекстан республикасы конституциясының қабылданғанына 29 жыл толуына орай халыққа қарата айтылған сөзінде мәлімдеді. Осындай өзгеріске байланысты аталған елдің қолданыстағы қылмыстық кодексі қайта қарастырылады. Әлбетте, түрмеден жазасын өтеп шыққандардың 80 пайызы жұмыспен қамтылса да олардың еңбек өтіліне қосылмайды жұмыс істеген жылдары, бұдан бөлек, зейнетақы жүйесіне аударымдар жасалмайды.

0 пікір
Мұрағат