Түрмедегі секта...
|
АҚШ-тың Арканзас штатының жазасын өтеп жатқан тұтқын мұсылмандар аталмыш штаттың түрме жүйесін сотқа берді. Жұма намазын ислам атын жамылған түрлі ағымдармен бірге оқытқаны үшін. Олар жұма намазын ислам үкімдерімен қоса ұлттық идеяны ту еткен афроамерикалықтардың "Ислам ұлттары" және "Құдайлар мен жер ұлты", сондай-ақ, "Ислам ұлты" деп аталатын сектанттармен бір сапта тұрып, намаз оқуға мәжбүр қылған түрме жүйесінің бұл тәртібіне риза емес. Егер жұма намазын сектанттармен бірге оқымаса, оларды мұсылман мәртебесінен айырып, қасиетті Рамазан айында сәресі мен ауызашардан қағады. Қатаң режимдегі түрме тұтқындары Грегори Хольт, Родни Мартин және Уэйд Стюарт сектанттардан бөлек жұма намазын оқу құқығы үшін күресіп жатыр. Бұл жайында Religion News ақпарат көзі хабар таратты. "Ар-ождан бостандығы кімнің қандай діни сенімде болғанына қарамастан олардың құқығын қорғайды. Мұсылмандар, "Ислам ұлттары", "Ислам ұлты" және "Құдайлар мен жер ұлты" бөлек құлшылық етуі керек, Өйткені, Арканзаста католиктер мен баптистердің, иудейлер мен буддистердің бөлек ғибадат етуіне жағдай жасалған",- деді Америка-Ислам қатынасы жөніндегі кеңес өкілі Лена Масри.