Түркияның туристік саясатындағы елеусіз өзгерістің пайдасы қандай?
|
Түркияның қонақ үйлерінде мейманхана ақысының ішіне кіретін "бәрі тегін" жүйесін алып тастауы мүмкін. Айта кетейік, аталған жүйені ресейлік туристерді көптеп тарту үшін қосқан болатын әу абста. Ендігі жерде бұл жүйе өз-өзін ақтамайтын болды. Өйткені, түріктердің саудагерлер мен қолөнер шеберлері қауымдастығының төрағасы Бендеуи Паландокеннің айтуынша, табаны күректей жиырма жыл бойы қолданылып келген бұл жүйе жергілікті дүкендердің саудасын тұралатып тастаған. Яғни, туристер қонақ үйдің тегін азық-түлігін пайдаланғандықтан дүкеннен сауда жасамайды. Бұл жайында Sözcü ақпарат көзі хабар таратты. Егер аталған жүйе жойылатын болса, жергілікті бизнестің бойына қан жүгіріп, ел экономикасына айтарлықтай серпін бермек. Кезекті ас мәзірін күтіп, қонақ үйден алыстамауға тырысады туристер. Тіпті, бұл елге саяхаттап келген шетелдіктердің маршруты қонақ үй мен әуежайдың арасымен шектеліп қалған.