Түркияның қорғаныс саласындағы ең үлкен жетістігі неде? Оңтүстік Корея қарулы күштеріндегі сарбаздар санын 500 мыңға дейін қысқартпақ
Түркияның қорғаныс саласындағы ең үлкен жетістігі неде? Оңтүстік Корея қарулы күштеріндегі сарбаздар санын 500 мыңға дейін қысқартпақ
5 жыл бұрын 2167 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қару кімнің қолында, соның жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Бұдан бөлек, қару өзіңде өндірілсе, қауіпсіздігіңді қамтамасыз еткенің Әлемде осы заманғы қару-жарақ түрлерін экспорттайтын елдер санаулы ғана. Солардың бірі Түркия. Анкара университетінің дінтану факультетінің 70 жылдық мерейтойында сөз сөйлеген ел президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі қару-жарақтың тек 20 пайызын ғана өздерінде жасайтын кезден өтіп, бүгінгі таңда бұл көрсеткішті 70 пайызға жеткізгендерін мақтанышпен жеткізді. Яғни, қорғаныс саласындағы импортталмайтын қару-жарақ түрлерін 20%-дан 70%-ға жеткізу үлкен жетістік. Қазіргі уақытта Түркия қару-жарақ экспортынан 2,5 млрд доллар пайда тауып отырған ел.

 Оңтүстік Корея қарулы күштеріндегі сарбаздар санын 500 мыңға дейін қысқартпақ

Таңғы шық елінің билігі 2022 жылға қарай елдің қарулы күштер сапындағы сарбаздар санын 500 мың адамға дейін қысқартуға бел буып отыр. Бұл жайында аталған елдің Yonhap ақпарат агенттігі хабар таратты. Ел билігінің мұндай қадамға елдегі демографиялық ахуалдың нашарлауынан барып отыр. Туу көрсеткіші төмен әрі халықтың қартаю процесі қарқын алуына байланысты қарулы күштерді ауқымды өзгерістер күтіп тұр. Есесіне, санынан гөрі сапасына баса назар аударылады: осы заманғы жоғары технологиялы қарумен жарақтандыруды мақсат етпек. Бүгінгі таңда халқының саны 52 млн адамды құрайтын Оңтүстік Корея қарулы күштерінде 600 мың сарбаз бар. Ал халқының саны 25 млн-нан аспайтын Солтүстік Корея қарулы күштеріндегі сарбаздар саны 1,3 млн-нан асады.

0 пікір
Мұрағат