Түркияның қару-жарақ экспорты шапшаң өсіп келеді
Түркияның қару-жарақ экспорты шапшаң өсіп келеді
1 ай бұрын 503 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Стокголм халықаралық бейбітшілік ғылыми-зерттеу институты (SIPRI) 2020-2024 жылдарға арналған әлемдік қару-жарақ саудасы туралы есебін жариялады. Хабарламада айтылғандай, Түркия қорғаныс өнеркәсібіндегі өз позициясын айтарлықтай нығайтып, әлемдегі қару-жарақ экспорттаушы елдер рейтингісінде 11-ші орынға ие болды. Бұл жайында islam.kz порталы yenisafak.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соңғы төрт жылда Түркияның әлемдiк қару-жарақ экспортының үлесi 103 пайызға өскен; бұл көрсеткіш аталған елдің қару-жарақ өндiрiсінің едәуiр өскенiн және өткізу нарығының кеңейгенiн көрсетедi. Бұл ретте қару-жарақ импорты 33 пайызға төмендеп, мемлекет қауіпсіздігімен тікелей байланысты стратегиялық саладағы шетелге тәуелділікті төмендету саясатының сәтті жүзеге асқанын білдіреді. SIPRI дерегі бойынша Түркия 2020-2024 жылдар аралығында әлемдік қару-жарақ экспортының үлесін 1,7 пайызға дейін арттырды. Ал бұл көрсеткіш 2015-2019 жылдары 0,8 пайыздан аспап еді. Бұл тарапта түріктердің қару-жарағын импорттаған елдер арасында бірінші орында Біріккен Араб Әмірлігі тұр – 18 пайыз; екінші орынға Пәкістан жайғасқан – 10 пайыз; ал үшінші орыннан Катар көрінген – 9,9 пайыз. Түркия билігінің қорғаныс өнеркәсібін дамытуға жұимсаған күш-жігері текке кетпеді – қару-жарақ импортын едәуір азайтып, бұл саладан өзі табыс табатын халге жетті: 2020-2024 жылдары аралығында әлемдік қару-жарақ импортындағы үлесін 1,1 пайызға дейін төмендеткен; бұл көрсеткіш 2015-2019 жылдар аралығында 1,7 пайыз болатын. Түркия қару-жарақ импортында Испания алғашқы орында тұр – 34 пайыз; Италия екінші орынға шыққан – 24 пайыз; ал Германия үшінші орынға табан тіреген – 19 пайыз. Осы орайда елді ресейллік басқыншылардан азат ету, отан қорғау соғысын жүргізіп жатқан Украйын ең ірі қару-жарақ импорттаушы елге айналған – әлемнің 35 елінен сатып алады. Енді қару-жарақ экспортындағы алғашқы үш елге келсек, Америка құрама штаттары - 43%; Франция (9,6%) және Ресей Федерациясы - 7,8%.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4