|
Түркияның өз криптовалютасы болады және ол несімен ерекшеленеді
|
2020 жылдың соңына дейін Түркия билігі өздерінің цифрлы валютасын қолданысқа енгізеді. Бұл жайында islam-today ақпарат көзі хабар таратты. Әлемдегі өзге электронды ақша түрлеріне қарағанда түріктердің криптовалютасы ресми валютаның - лираның цифрлы нұсқасына айналады. Активтермен байланысты барлық операциялар арнайы платформада өңделеді. Токендерді қылмыстық мақсатта пайдаланудан сақтау үшін олардың айналымын арнайы реттеуші қадағалайтын болады. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қазіргі уақытта токеннің сынақтан өтіп жатқанын жария еткен. Оның айтуынша, түрік криптовалютасы елге қосымша инвестиция тартуға әрі жоғары технологиялы экономика салаларының қарқынды дамуына септігін тигізеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)