Түркияның Next Social платформасының әлеуметтік желісіне қысқа уақыт ішінде 1 миллион пайдаланушы тіркелді
Түркияның Next Social платформасының әлеуметтік желісіне қысқа уақыт ішінде 1 миллион пайдаланушы тіркелді
4 ай бұрын 764 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

TEKNOFEST буыны әзірлеген Next Social түрік платформасының әлеуметтік желісіне аз уақыт ішінде 1 миллион пайдаланушы тіркелген. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Ajansı ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. TEKNOFEST директорлар кеңесінің және Түркияның технологиялық топтың қорының (T3 Vakfı) қамқоршылық кеңесінің төрағасы Селжүк Байрақтар Next Social басылымында: "Түркияның Next Social әлеуметтік платформасы 1 миллион пайдаланушы белгісін еңсерді. Бізде Түркияның ең жылдам дамып келе жатқан нақты қоғамдастығы үшін тосын сый бар! ", деп мәлімдеді. Селжүк Байрақтар тамыз айының 22-не дейін Next Social платформасында #NSosyalBenim хэштегі бар жарияланымдар үшін электрмен жүретін велосипед, PlayStation, GoPro, Monster компьютері, планшет, қалта телефон, ақылды сағат және Bluetooth құлаққаптар ойнатылатынын хабарлады. Сондай-ақ, ол шілденің 4-і күні платформаның бета-нұсқасын шығаратынын жариялады. T3 қорының қамқорлығымен құрылған Next Social түрік платформасының әлеуметтік желісі әлеуметтік желілерді пайдаланудың таза және қауіпсіз тәжірибесін ұсына отырып, пайдаланушылардың назарын өзіне аударды. Түріктердің отандық алғашқы әлеуметтік желісі пайдаланушыларға өз ойын еркін білдіре алатын алаң ұсынады. Платформаның негізгі функциясы жаңалықтар, технологиялар, өмір салты және күнделікті оқиғалар сияқты контенттерді алмасуға негізделген. Жалған ақпаратқа, бейәдеп жазбаларға, боттар мен манипуляциялық алгоритмдерге жол бермейтін Next Social жасанды зерде интеграциясына назарларыңызды аударғымыз келеді. T3 Vakfı және Baykar-мен ынтымақтастықта әзірленген түрік тілінің T3 AI үлкен тілдік моделі пайдаланушылар белгілеген посттарға жылдам жауап ете отырып, өзара іс-қимылды арттырады. Платформа жас әзірлеушілер жасаған құралдардың көмегімен жалған ақпаратты табу сияқты функцияларды ұсынады. Next Social әлемжелісінің алдымен Түркияда, содан кейін бауырлас елдерде іске қосылатыны жоспарлануда.

0 пікір
Мұрағат