Түркияның медициналық туризмі жедел дамып келеді
Түркияның медициналық туризмі жедел дамып келеді
1 жыл бұрын 996 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Осы жылдың қорытындысы бойынша Түркияның медициналық туризм саласы 1,8 миллионнан астам адамды қабылдайды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Түркияның туристік агенттіктері қауымдастығының (TÜRSAB) жетекшісі Фыраз Бағлықай келтірген дерекке жөн сілтеген Anadolu Ajansi ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. TÜRSAB басшысының айтуынша, өткен жылы елдегі медициналық туризм қызметіне 1,4 млн адам жүгінген. Осылай деген ол Түркияның медициналық туризімінің келеші кемел екенін жеткізді, өйткені, бұл салаға жылдан жылға сұраныс артып келеді және осыған байланысты түсетін табыс мөлшері де өсіп келеді. Түркияның осы жылдың алғашқы тоқсанында медициналық туризмнен алған табысы өткен жылдың қаңтар-наурыз айларына қарағанда 10,7 пайыз артып, 453 миллион 714 долларға жеткен.

0 пікір
Мұрағат