Түркияның майшабақ пен ұлу экспорты ұлғайып келеді
Түркияның майшабақ пен ұлу экспорты ұлғайып келеді
3 жыл бұрын 2680 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркияның майшабақ экспортының мөлшері 2021-2022 жылдары оның алдындағы маусымға қарағанда салмағы бойынша 32 пайызға, ақшалай түсімі 23 пайызға артқан. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Түркияның Шығыс Жерорта теңізі аймағының экспорттаушылар қауымдастығы (DKİB) келтірген дерекке жөн сілтеген Anadolu ақпарат көзіне сілтеме жаса отырып мәлім етеді. Түркия балықтың осынау түрін әлемнің 28 еліне экспорттайды.  Түркияның майшабағын негізгі тұтынушы үш ел: Франция, Белгия және Германия. Соның ішінде Францияға экспорты 2021 / 2022 жылдары 16 пайызға артқан, одан кейінгі орындарды Белгия мен Германия тұр. Бұл елдерден бөлек, түрік майшабағын Румыния, Оман, Катар, Сирия және Кения импорттайды. Ал теңіз ұлуының экспортынан осы жылдың қаңтар-наурыз айларында 1 млн 300 мың 869 доллар табыс тапқан. Бұл тарапта түріктің теңіз ұлуын Оңтүстік Корея, Қытай халық республикасы, Тайуан, Жапония молынан импорттап отыр. Бір қызығы, теңіз ұлуын түріктердің өздері тұтынбайды, есесіне, оңтүстік-шығыс Азия елдері экспорттайды. DKİB директорлар кеңесі жетекшісінің орынбасары Ахмет Хамды Гүрдоған осылай деп отыр.

0 пікір
Мұрағат