Түркияның жұмсақ күші: африкалық ел түрік тілін жаппай үйренуге кірісті
Түркияның жұмсақ күші: африкалық ел түрік тілін жаппай үйренуге кірісті
3 жыл бұрын 2142 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тек Африка құрлығында ғана емес, күллі әлем бойынша ең «қиын» елдердің бірінен саналатын Сомалиде жастар түрік тілін жаппай үйренуге ден қойып жатыр. Бұл жайында islamkz порталы Daily Sabah ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Жылы азаматтық соғыстан, тайпалық және руаралық қарулы қақтығыстардан есеңгіреген елде түрік тілі курсы ашылды. Дәлірегі, SomTurk институтындағы ашылған бұл курске бірден 300 студент жазылған. Түрік тілі аталған елде мұндай танымалдылыққа бұрын-соңды ие болған емес. Аталған институттың атқарушы директоры Мұхаммед Әбдікәрімнің айтуынша, қазіргі уақытта студенттер бес топқа бөлініп оқып жүр. Олардың көбісі кейін Түркияда білімін жалғастыру үшін түрік тілін игеруде. Соңғы айдың өзінде түрік тілі курсына 135 студент жазылған. Олардың 65-і – қыздар, олар ұлдарға қарағанда алғыр келеді. Африка әлемнің алпауыт елдерінің геосаяси мүддесі бар құрлыққа айналған, құл иеленудің тарихтағы ең ірі екінші кезеңінен бері қожалық етіп келген батыс елдерімен қатар соңғы жылдары Қытай да аталған құрлықта өзінің әскери базаларын ашып, экономикалық жобаларын жүзеге асыра бастады. Бұл орайда Түркия гуманитарлық бағытта өзінің жұмсақ күш саясатын қолданып, ықпал ету аймағын кеңейтуге күш салып келеді. Түрік тіліне сұраныстың артуы – соның бір айғағы.

0 пікір
Мұрағат