Түркияның желдеткішін әлемнің 161 елі импорттайды
Түркияның желдеткішін әлемнің 161 елі импорттайды
4 жыл бұрын 2107 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияның ауа желдету жүйесінің экспорты осы жылдың ақпан айында өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 15,2 пайызға өскен – 446 млн 643 мың доллар. Осы соманың 216 млн 553 мың доллары Еуропалық одаққа мүше елдерден түскен қаражат, яғни, түріктердің желдеткішін тұтыну бойынша ЕО көш бастаған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Түркияның экспорт қауымдастығы (TIM) келтірген дерекке жөн сілтеген Anadolu Agency ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. TIM мәліметіне сәйкес Түркияның эспорттық әлеуеті жалпы алғанда өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 9,6 пайызға артқан – 16 млрд 12 млн доллар. Ал біз сөз етіп отырған ауа желдету жүйесі секторының үлесі бір жыл ішінде 3 пайызға өскен. Түріктердің желдеткіш қондырғысын ЕО-дан кейін ТМД (тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер) тұтынатын болып шықты – аталған мерзім аралығында 54 млн 304 мың доллар. Одан кейінгі орында ЕО құрамына кірмейтін еуропалық елдер тұр – 47 млн 162 мың доллар, ал Таяу Шығыс нарығындағы түрік желдеткіші экспортының үлесі 46 млн 170 мың доллар болса, Африка құрлығындағы «еншісі» - 31 млн 569 мың долларға жеткен. 2021 жылдың ақпан айындағы көрсеткіш бойынша Түркияның ауа желдету жүйесін әлемнің 161 елі импорттаған.

0 пікір
Мұрағат