|
Түркияның жасырын ұшқышсыз ұшатын Anka-3 алғаш рет глиссадалық бомбаны тастады (видео)
|
Түріктердің отандық Anka-3 жасырын (яғни, радиолокациялық тұрғыдан байқалу деңгейі төмен, дәлірегі, радарға іліге бермейтін) ұшқышсыз ұшағы алты шақырымнан асатын биіктікте сағатына 330 шақырым қашықтықпен қозғалып, дәлдігі жоғары оқ-дәріні тиімді ұшырған. Бұл жайында islam.kz порталы Bulgarian Military ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Tolun оқ-дәрісі — бекіністер мен басқа нысаналарға қарсы қолдануға болатын, дәлдігі жоғары глиссадалық бомба. Зақымдау немесе жою қашықтығы 55 шақырымға дейін жетеді, бұдан бөлек, бұл оқтұмсық қалыңдығы бір метрге дейінгі темір бетонды тесіп өте алады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды