Түркияның бір ғана ұйымы қасиетті айда 14,7 млн адамға жәрдем көрсетті
Түркияның бір ғана ұйымы қасиетті айда 14,7 млн адамға жәрдем көрсетті
5 жыл бұрын 1789 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түріктердің тарихы тереңде жатқан, іргетасы Османлы империясы кезінде қаланған Türk Kızılay деп аталатын ұйымының қасиетті Рамазан айында әлемнің 38 елінде 14,7 млн адамға жәрдем көрсеткені белгілі болды. Türk Kızılay тек шетелдіктерге қолұшын созып қоймай, түрік азаматтарына да жәрдем көрсеткен. Түріктердің Anadolu Ajansı ақпарат көзінің таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда,  аталмыш ұйымнан мұқтаж 1,6 млн ел тұрғыны 400 мың азық-түлік сәлемдемесін алған. Ал Түркиядан тысқары жерде әлемнің 38 елінде, дәлірегі, Балқан түбегінде, Азия елдерінде, Таяу Шығыс аймағында, Африка құрлығында және Латын Америкасында 1 млн-нан аса мұқтажға көмек көрсетілген. Аталған ұйым тарапынан. Сондай-ақ, Түркияның 300 пунктінде 134 мыңнан аса донорлық қан пакеті жиналған. Бұл өткен жылдың қасиетті айындағы көрсеткіштен 9% жоғары көрсеткіш. 

0 пікір
Мұрағат