Түркияның бір ғана провинциясынан 4 ай ішінде 90 мыңдай автокөлік экспортталған
Түркияның бір ғана провинциясынан 4 ай ішінде 90 мыңдай автокөлік экспортталған
4 жыл бұрын 1589 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

2021 ылдың қаңтар-сәуір айларында Түркияның Бурса провинциясынан 89 887 автокқлік экспортталған. Осыған қарап-ақ, дәлірегі, бір ғана провинциядан аз уақыт ішінде бір ғана саладан осынша автокөліктің экспортына қарап-ақ Түркияның экономикалық әлеуетін шамалай аласыз. Бұл жайында islam.kz порталы aa.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бурса аймағында Түркияның экспорттық әлеуетіне елеулі үлес қосып отырған OYAK Renault және TOFAŞ автокөлік алыптарының өндіріс орындары орын тепкен. Аталған елдің автокөлік өнеркәсібі қауымдастығының (OSD) келтірген дерекке қарағанда, аталған мерзімде, яғни, 4 ай ішінде Түркияда 470 859 көлік құралдары құрастырылған, оның 288 211-і жеңіл автокөліктер. Ал біз сөз етіп отырған провинцияның экспорттық үлесі Түркияның автоөнеркәсіп экспортының 42,38-ын құрап отыр. автокөліктердің дені Сакария провинциясындағы Toyota зауытында құрастырылған - 89 822 дана; одан кейінгі орыннан Бурсадағы OYAK Renault көрінген - 83 439 дана. Hyundai Assan-ның өндірістік қуаты 55 113 автокөлік болса, TOFAŞ - 48 431, Honda Turkey - 9681 және Ford Otosan - 1725. 212 056 автокөлік немесе жалпы автокөлік мөлшерінің 73,5 пайызы шекара асып, шетелге сатылған. Бұл саладағы экспорттан түскен табыс та қомақты - 3 млрд 632 млн 794 мың доллар. Экспорт саласында Toyota көш бастаған - 71 447 дана. Одан кейінгі орынға OYAK Renault жайғасқан - 67 763 дана; үшінші орынға Hyundai Assan табан тіреген - 48 657; TOFAŞ – 22124; Ford Otosan - 1435 және Honda Turkey - 630 автокөлік.

Ұқсас материал: 

"Түріктердің жеңіл автокөлігін әлемнің 83 елі эскпорттайды" (https://islam.kz/kk/news/alem/turikterdin-jenil-avtokoligin-alemnin-83-eli-eskporttaidy-14978/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат