Түркияның азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төніп келеді
|

Түркияның ауыл шаруашылығы саласында тер төгіп жүрген шаруалардың қартаю процесінен елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төніп келеді. Дәлірегі, демографиялық факторға байланысты Түркия азық-түлік қауіпсіздігіне төнген қатермен таяу болашақта бетпе-бет келеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Түркияның ауыл шаруашылығы палаталары одағының (TZOB) жетекшісі Шәмші Байрақтарға жөн сілтеген mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шәмші Байрақтар билікті елдің жастарын ауыл шаруашылығына тартудың шұғыл әрі тиімді шараларын қабылдауға шақырды. Шәмші Байрақтар шаруалардың орташа жасы өткен жылы 59 жасқа дейін өскенін, ал ерлердің орташа жасы 58, әйелдер 61 жасты құрайтынын атап өтті. Оның мәліметі бойынша олардың 35%-ға жуығы 65 жастан асқан, ал тағы 35%-ы 50-ден 64 жас аралығындағылар. TZOB президенті фермерлердің 82%-ы ерлер, 18%-ы әйелдер екенін нақтылады. Аграрлық секторда жұмыс істейтін халықтың орташа жасы жыл өткен сайын өсіп келе жатқанын ескертті. Оның айтуынша, 18-32 жас аралығындағы адамдар фермерлердің тек 5%-ын ғана құрайды, бұл көрсеткіш жастардың ауыл шаруашылығы мен ауыл өмірінен тез алшақтап жатқанын айқын көрсетеді. Түркия статистика институтының (TurkStat) дерегіне қарағанда, 2024 жылы елдің жалпы ішкі өніміндегі аграрлық сектордың үлесі 5,6%-ды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылғы 6,2%-дан және 2022 жылы 6,5%-дан төмен. Шәмші Байрақтардың айтуынша, экономикалық, әлеуметтік және білім беру мүмкіндіктерінің шектеулілігіне байланысты ауыл халқы санының азаюы тоқтамай тұр. «30 жылдай бірде-бір бала өмірге келмеген, қыста мүлдемқаңырап қалатын ауылдар бар», - деп мәлімдеді ол. 2024 жылы 18-ден 24 жасқа дейінгі фермерлер саны 6%-ға, ал 33-49 жас аралығындағы фермерлер қарасы 4%-ға кеміген.




