Түркияның алғашқы тасымалдаушы зымыраны жер орбитасына сәтті шығарылды (видео)
Түркияның алғашқы тасымалдаушы зымыраны жер орбитасына сәтті шығарылды (видео)
4 жыл бұрын 5569 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

MUFS жобасы аясында қолға алынған аппарат 130 шақырым биіктікті бағындырған. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі орыс тілінде хабар тарататын «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып, мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, түріктердің аталмыш зымыраны Карман сызығын (теңіз деңгейінен 100 шақырым биіктік әдетте мемлекеттің жоғары шекарасы ретінде шартты түрде белгіленеді) еңсерген. Түркияның қорғаныс өнеркәсіп басқармасының жетекшісі Ысмайыл Темір бұл айтулы оқиғаға «Түркия ғарышпен жанасты» деп баға берді. MUFS жобасын түріктердің Roketsan компаниясы 2018 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Түркияның қорғаныс өнеркәсіп басқармасының қолдауымен. MUFS обасы 2025 жылы аяқталады. Бұл бағытта мамандар орбитаға 100 келі тартатын жүкті алып шыға алатын тасымалдаушы зымыранын құрастыруды алдына мақсат еткен болатын.

0 пікір
Мұрағат