|
Түркиядан бөлек тағы бір ел америкалық ойын платформасына тыйым салды
|
Иракта баллаар қауіпсіздігі үшін әлемге әйгілі америкалық Roblox ойын платформасы бұғатталды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Reuters ресурсына жөн сілтеген IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ирак билігініғ мұндай шектеу қоюына аталмыш платформада пайдаланушымен тікелей тілдесу функциясының бары себеп болған. Бұл функция балалар мен жасөспірімдер қылмысына жол ашуы мүмкін. Бұдан бөлек, қоғам құндылықтарын теріске шығаратын және жергілікті мәдениетті мансұқтайтын контент әзірленуі ықтимал. Roblox компаниясының өкілдері мен баспасөз қызметі қауіпсіздікті алдыңғы орынға қоятындарына сендіруге тырысып жатыр. Дәлірегі, олқылықты жою бағытында пәрменді шаралар қабылдауға уәде беруде. Осы орайда биыл Roblox ойын кезінде араб тілінде тілдесуге мүмкіндік беретін чатты бұғаттағанын айты кетпекпіз. Ал өткен жылдың тамыз айында Түркияда да Roblox платформасының өнімдеріне тыйым салынғанын естеріңізге сала кетпекпіз. Anadolu дерек көзінің мәліметінше, Адана қалалық сотының шешімімен бұғатталған еді. Аталмыш сайтта балаларды қатыгездікке бастайтын немесе балаларға қатыгездік танытуға апаруы мүмкін ойындарға байланысты. «Кез-келген адамға өз қалауы бойынша контент жүктеуге мүмкіндік беретін платформа функциясы бар, сондай-ақ, интерактивті өзара іс-қимыл кезінде ойын ішіндегі модерацияның жоқтығының арқасында ойын процесі кезінде көптеген функцияларға қол жеткізу мүмкіндігі балалар қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді», - деп мәлімдеді Common Sense Media-ның аға редакторы Жеф Хейнс. Ол әлемде ересектердің ойынға тіркеліп, балалармен арам ниетпен араласа бастаған фактілердің көптеп кездескенін атап өтті. «Roblox-та ата-аналар білуі тиіс негізгі қатерлердің бірі - пайдаланушылар жасаған ойындар немесе жыныстық қатынас, графикалық бейнелер және әдеттен тыс әдепсіз сөздер сияқты ересектерге арналған контентті қамтитын «кондоминиумдар» бар», - деп ескертеді сарапшы.