Түркияда туристерге үйді жалға беру талаптары қатаңдатылды
|
Бұдан былай Түркияда туристерге үйді жалға беру мерзімі 100 күннен асатын болса, жалға беруші тарап елдің туризм министрлігінен ресми рұқсат алуы тиіс. Бұл талапты орындамағандарға аса ірі мөлшерде айыппұл салынады. Бұл жайында islam.kz порталы Түркияның министрлер кабинетіне қарайтын Resmi Gazete мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұған қоса, жаңа ережеге сәйкес туристерге жалға берілуі тиіс үйдің кіреберісіне арнайы тақта ілінуі тиіс. Аталмыш ережені елемегендер 100 мың лира (түріктердің төл ақшасы – ред.) айыппұл «арқалайды». Егер заңсыз жолмен тағы жалға берсе, 500 мыңнан 1 млн лираға дейін айыппұл салынады. Осы орайда қыркүйек айында Анадолының саду-өнеркәсіп палатасының президенті Әлі Баһар Hürriyet ақпарат көзіне берген сұхбатында «тасадағы туризмнің» барын жасырмады. Яғни, шетелдіктер ондаған пәтерді сатып алып, жалға беру арқылы табыс табады. Мұндай қонақүйлер лицензияланбағандықтан оларды тексеру мүмкін емес, мұндай көлеңкелі бизнестен салық түспейді әрі қауіпсіздікке қатер төндіреді.