Түркияда шығарылған пәтуада не айтылған?
Түркияда шығарылған пәтуада не айтылған?
9 жыл бұрын 4336

Hurriyet Daily News ақпарат көзінің хабары бойынша Түркияның дін істері жөніндегі басқармасы адамның сыртқы келбетіне қатысты пәтуа шығарған. Онда тәнге сурет салдырудың (татуировка) күнә болып табылатыны айтылған. Оның күнә екенін екінің бірі біледі. Онсыз да белгілі нәрсені қайталаудың қажеті қанша дерсіздер? Өздеріңіз білесіздер, кейінгі кезде сән қуғандар оның күнә екенін біле тұра тәнге сурет салдырудың салдары мен зардаптарын елемейтін болған. Сол себепті, түрік ғұламалары аталмыш пәтуа арқылы тәнге сурет салдырудың күнә екенін елдің есіне салып қоюды жөн көрген болатын. «Денесіне сурет салдырған адам мүмкін болса, оны кетіруі тиіс. Егер өшіре алмаса, тәубеге келуі тиіс»,- деп айтылған пәтуада. Сондай-ақ, уақытша татуировкасы (жапсырма) бар адамның дәреті жарамсыз болып табылады. Ал инемен салдырған суретті кетіру мүмкін болмаған жағдайда оның дәрет алуға кедергі келтірмейтіні де айтылған. Бұған қоса, Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) Алла жаратқан сырт келбетін өзгерткен адамның лағынетке ұшырайтыны турасындағы өсиетін еске сала кеткен ғұламалар бұл күнәнің тәнге тек сурет салдырумен ғана шектелмейтінін, сонымен қатар, қажеттілік болмаса, кірпік жалғау, қас жұлу, жасанды шаш кию секілді т.б. әрекеттердің күнә болып табылатынын да тілге тиек етті.

0 пікір
Мұрағат