Түркияда шетелдіктер саусақ ізін тапсырады
Түркияда шетелдіктер саусақ ізін тапсырады
4 ай бұрын 1261 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркия билігі ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ел аумағындағы шетелдіктердің, соның ішінде туристердің саусақ ізін алу науқанын бастайды. Бұл жайында islam.kz порталы түріктердің Sabah мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дактилоскопия процедурасы шетелдіктер үшін осылайша алғаш рет Түркияда міндетті шараға айналмақ. Аталған елдің ішкі істер министрлігінің басшысы Әли Ерлікай жариялаған «болашаққа арналған маңызды жобада» елге кіргендердің саусақ іздерін міндетті түрде алу шарасы ғана емес, сонымен қатар, босқындардың жеке куәліктерін чиптеу жұмыстары да қарастырылғаны атап өтілді. Бұл шара осындай құжаттарды қолдан жасау мүмкіндігін жоюға арналған. Түркия билігі бұл процедурада шетелдіктердің ел аумағына кіруі кезінде саусақ іздері алынатын Батыс елдерінің, соның ішінде Америка құрама штаттары мен Ұлыбританияның тәжірибесін қолданатынын атап өтті.

0 пікір
Мұрағат